ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Мектепті жарамын" деп қорқытқан павлодарлық азамат ұсталды

"Мектепті жарамын" деп қорқытқан павлодарлық азамат ұсталды

Полиция №17 мектепті жарып жіберемін деп қорқытқан 44 жастағы Павлодар тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 18 желтоқсанда болғаны хабарланды. Оқу орнына келген жедел-тергеу тобы ғимаратқа бір жарым сағаттан астам тексеру жұмыстарын жүргізген. Алайда жарылыс қаупі бар заттар анықталмады.


Қолданылған шаралардың нәтижесінде қоңырау шалушы азамат анықталып, ұсталды. Ол мас күйде болған 44 жастағы Павлодар тұрғыны болып шықты. Жалған қоңырауды шалудың себебін ер адам түсіндіріп бере алмады.

Облыстық департамент аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабының 1-бөлігі "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Автор
Нұрсұлтан