Инвестиция рейтингі: еліміздің тартымдылығы 17 пайызға жоғарылады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Біреудің жалғыз ұлы”: Қарт ана Президентке үндеу жасап, көмек сұрайды

“Біреудің жалғыз ұлы”: Қарт ана Президентке үндеу жасап, көмек сұрайды
Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында болған атыс салдарынан бір адам қаза тапты. Қайғылы оқиға 1 тамызға қараған түні, шамамен сағат 03:00-де Луговое ауылында тіркелген, деп хабарлайды kznews.kz.

Марқұмның туыстарының айтуынша, қылмысқа аудан аумағында әрекет етеді деген күдікке ілінген қылмыстық топ мүшелерінің қатысы болуы мүмкін. Олардың сөзінше, күдікті ретінде қарастырылып отырған азаматтардың жасы шамамен 22-де.

Жақындары көз жұмған азаматқа бұған дейін бірнеше мәрте қоқан-лоқы жасалғанын мәлімдеп отыр. Осыған байланысты олар қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты әрі әділ тергеуді, сондай-ақ кінәлілердің заң алдында тиісті жауапкершілікке тартылуын талап етуде.

Сонымен қатар марқұмның отбасы Мемлекет басшысына үндеу жолдап, аталған қылмыстық істі жеке бақылауына алуды сұраған.

Белгілі болғандай, қаза тапқан азаматтың артында жұбайы, бір ұлы мен бірнеше қызы қалған. Сондай-ақ оның қарт ата-анасы жалғыз ұлынан айырылып, ауыр қайғыға душар болған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.