"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мексикада дүкенде болған өрт салдарынан 23 адам қаза тапты

Мексикада дүкенде болған өрт салдарынан 23 адам қаза тапты

Мексиканың солтүстік-батысындағы дүкендердің бірінде болған жарылыс пен өрт салдарынан кемінде 23 адам қаза тауып, тағы 12 азамат ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы шетелдік басылымдарға сілтеме жасаған, деп хабарлайды kznews.kz.

ABC News хабарлауынша, Эрмосильо қаласында күнделікті сұраныстағы тауарлар дүкенінде жарылыс болып, соңы өртке ұласты.

Сонора штатының бас прокуроры Густаво Салас Чавестің хабарлауынша, төтенше жағдай салдарынан кемінде 23 адам қаза тапқан. Құрбандардың арасында балалар да бар. Оған қоса тағы 12 адам жарақат алып, қаланың алты ауруханасына жеткізілді.

Алдын ала тергеу мәліметтеріне сәйкес, адамдардың өліміне уытты газбен улану себеп болған.

"Қазіргі уақытта өрттің алдын ала ойластырылып жасалды деп айтуға негіз жоқ", - деді штаттың бас прокуроры.

DW хабарлауынша, өрт тек бірнеше сағаттан соң толығымен өшірген.

Айта кетейік, төтенше жағдай 1 қараша күні, Мексикадағы басты мерекелердің бірі саналатын марқұмдар күнінде орын алған.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.