Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мейрамханалардағы ең қауіпті тағамдар белгілі болды

Мейрамханалардағы ең қауіпті тағамдар белгілі болды

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ресейдің тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі федералды қызметі (Роспотребнадзор) мейрамханадан жиі тамақтанатын тұрғындарға сақ болуға кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Роспотребнадзор мейрамханалардағы адам өміріне ең қауіпті тағамдарды атады. Бұл туралы ведомствоның жеке сайтында жарияланды.

"Мейрамханаға келген қонақтар майонез қосылған салаттан, крем қосылған десерттен, туралған ет өнімдері: рулет, паштет және котлеттен улануы немесе инфекция жұқтыруы мүмкін", - делінген хабарламада. 

Тағы оқыңыз: Дәрігерлер балдың ешкім күтпеген қаупін айтты

Сонымен қатар мамандар дөнер де (шауырма) денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін екенін атап өтті.

"Дұрыс жуылмаған көкөніcтер мен жеміс-жидектерде бактерия мен вирустар болады. Адам мейрамханада тамақтан уланған кезде оған иерсиниоз, сальмонеллез, кампилобактериоз, А гепатиті, дизентерия (жұқпалы іш ауруы), ротавирустық және норовирустық инфекция сынды диагноздар қойылады", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ мекеме мейрамханада уланған азамат өзінің құқын қалай қорғау керектігін түсіндірді. 

"Егер сіз мейрамханада уланып қалсаңыз, дәрігерге қаралған соң, мейрамхана қожайынына арыз жаза аласыз. Ол үшін тапсырыстың чегі немесе банк шотының көшірмесі қолыңызда болғаны жөн. Дәрігерден медициналық қорытынды алуыңыз керек. Онда сіздің мейрамханада неден уланғаныңыз анық көрсетілуі қажет", - делінген Роспотребнадзор таратқан хабарламада. 


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан