"Ең әуелі еміме шипа беріп, ел қатарына қайта қосқан Аллаға сансыз шүкірлік. Менің тілеуімді тілеп отырған ата-анама, отбасыма, бауырларыма, өнердегі аға-әпкелеріме, достарыма мың алғыс", - деп
жазды Бесбаев Instagram парақшасында.
Әнші сондай-ақ ес білгелі бері алақанына салып әлдилеп келе жатқан еліне алғыс білдірді.
"Қадірлі ағайын, сіздердің тілектеріңізге басымды иіп рахметімді айтамын. Ақ халатты абзал жандарға алғысым шексіз. Індеттің бары рас. Сақтаныңыздар. Күтініңіздер", - деп түйіндеді әнші.
Еске сала кетейік, 17 қаңтарда Мейрамбек Бесбаевқа коронавирус диагнозы қойылғаны белгілі болды. "МузАРТ" тобының директоры Ерлан Жүнісбайдың айтуынша, әншінің жағдайы нашарлап, жедел жәрдем шақырған.