Алғашқы алтын, жаңа рекорд: Еркін Ғаббасов Азия Пара ойындарында ел мерейін асырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)

Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Әнші елу жасына орай Қазақстанның бірнеше қаласында концерт қояды

Қазақстандағы атақты әнші, ұзақ жылдар бойы «МузАрт» триосында ән салған Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Бесбаев қарашада елу жасқа толады. Мерейтойына орай ол Қазақстанның алты қаласында жеке концертін береді, деп хабарлайды kznews.kz

Бесбаев мерейтойлық турды туған жері Жамбыл облысынан бастаған. Тараздағы концертіне облыс әкімі Ербол Қарашөкеев келіп, әншіге шапан жапты.

«Қазақ ән өнерінің көрнекті өкілі, халықтың сүйікті әншісі Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеші туған жері – Әулиеатадан басталды. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев мерейтой иесіне құрмет көрсетіп, өнер жолындағы жетістіктеріне тоқталып, ақжарма тілегін жеткізді. Қоңыр дауысымен талай жүректі тербеген Мейрамбек Беспаев «Бозторғай» әнімен бала кезінен елге танылып, бүгінде қазақ өнерінің төрінен орын алған дара тұлғаға айналды», - деп жазады әкімнің баспасөз қызметі.

Тараздан кейін Мейрамбек Бесбаев Шымкент, Қызылорда, Талдықорған, Орал, Ақтөбе қалаларында жеке кешін өткізеді.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.