KZNews.kz
Шоу-бизнес

Мейірман Шекеев “аты жоқ адам” оны Арман Дүйсеновтің ісінен шеттеткенін мәлімдеді

Ayzhan Sylanova

Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу Айданқызы белгілі заңгер Мейірман Шекеевпен жұмысын бастағаннан кейін біраз уақыт өтпей жатып, кенеттен одан бас тартқан, деп хабарлайды kznews.kz.

Заңгердің айтуынша, мұндай шешімнің артында «аты жоқ» бір адамның ықпалы болған.

«Айсұлу ханым істің мән-жайын түсіндіріп, біз адвокаттармен бірге жоспар құрып, істі өндірісіме алған едім. Алайда кейін ол менің өкіл ретінде қатыспауымды өтінді. Бұл шешімге белгілі бір адамның әсер еткенін сезіп тұрмын», – деді Шекеев.

Ол Айсұлудың өзіне сенбей, өзге адамдардың сөзіне ергеніне қынжылатынын айтты. Дегенмен қазіргі адвокаттары кәсіби мамандар екенін, іске кесір тимесе екен деп тілейтінін жеткізді.

«Мені қорқып қалды немесе істен қашты деп ойламасын деп, шындықты ашық айтуды жөн көрдім. Біз бұл іске мұқтаждықтан емес, халықтың өтінішін жерге тастамай, көмектескіміз келгендіктен араластық. Айсұлудың қазіргі өкілдеріне сәттілік тілеймін. Ал мені бұл істен шеттеткен «аты жоқ адам» жақында өз-өзін білдіруі мүмкін», – деді заңгер

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары