Суы азайған Сыр, мұнайы сарқылған Құмкөл: Қызылорданың келешегі неде?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Медицина қызметкерлерін қорғауға арналған заң жобасы талқыланды

Медицина қызметкерлерін қорғауға арналған заң жобасы талқыланды
Фото: Құрылтай

Елімізде дәрігерлерді қорғауды күшейтіп, олардың мәртебесін ұлттық қауіпсіздік деңгейіне көтеретін жаңа заң жобасы қызу талқыға түсті.

Медицина қызметкерлерінің құқығын қорғау, әлеуметтік кепілдіктері мен кәсіби беделін арттыру мәселелері Құрылтай депутаты Дана Медеуованың бастамасымен өткен дөңгелек үстелде талқыланды, деп хабарлайды kznews.kz.

«Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі: ұлттық қауіпсіздіктің факторы» тақырыбындағы жиын «Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі мен қызметінің кепілдіктері туралы» заң жобасына арналды.

Басқосуға Құрылтай депутаттары, Президенттің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Алексей Цой, вице-министрлер қатысты. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың, медициналық ұйымдар мен жоғары оқу орындарының өкілдері, сарапшылар және кәсіби қауымдастық мүшелері пікір білдірді.

Қатысушылар заң жобасындағы ережелерді іс жүзінде қалай орындауға болатынын талқылап, денсаулық сақтау саласын қажетті мамандармен қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталды. Тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері депутаттық бастаманы қолдайтындарын жеткізді.

Жиында айтылған ұсыныстар жинақталып, заң жобасын толықтыру кезінде ескерілмек.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары