KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Медеу Арынбаев: Мен екі рет үйленіп, ажырасқан адаммын

• Айжан Сыланова
Фото: yvision.kz

Әнші Медеу Арынбаев марқұм жұбайы Айгүлге берген уәдесі, оның өмірден өткеннен кейінгі кезеңі және неліктен қайта шаңырақ көтермегені туралы сыр бөлісті. Өнер иесі сүйіктісінен айырылған соң екі баласын жалғыз тәрбиелеп өсіргенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесінің жадында жарының соңғы сәттері әлі күнге дейін сақталған. Айгүлдің өзіне ұзақ қарап, жымиғанын әнші ерекше сезіммен еске алады. Ол осы сәтті жұбайының балаларын өзіне аманаттап кеткендей қабылдағанын жеткізді.

Жақындары мен айналасындағы адамдар әншіге уақыт өте келе қайта үйленуге кеңес берген. Алайда алғашында мұндай ұсыныстар оның көңіліне ауыр тиген. Кейін бұл тақырыптағы сұрақтарға әзілмен жауап беруді әдетке айналдырған.

«Мен екі рет үйленіп, ажырасқан адаммын ғой», – деп қалжыңдайтынын айтқан әнші.

Дегенмен бұл сөз оның шынымен екі рет некеде болғанын білдірмейді. Медеу Арынбаев бұл тіркесті қайта шаңырақ көтеру туралы сауалдарға әзіл ретінде айтатынын түсіндірген.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →