Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мәжілістің бұрынғы депутаты Ғани Қалиев қайтыс болды

Мәжілістің бұрынғы депутаты Ғани Қалиев қайтыс болды

Қазақстан ғалымы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Ғани Қалиев 86 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Ғани Қалиев еліміздің саяси өміріне де белсенді араласқан. ҚР Жоғарғы кеңесі мен парламент мәжілісінің депутаты және "Ауыл" партиясының экс-төрағасы болған.

Қалиев Ғани Әлімұлы 1938 жылы жылы 19 шілдеде Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Белбасар ауылында туған.

Мансабын Алматы халық шаруашылығы институтында (қазіргі Қазақ экономика университеті) оқытушы болып бастаған.

1968-84 жылдары Қазақтың ауыл шаруашылық экономикасы және оны ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, сектор, бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасары, директоры (1988-96);

1984-88 жылдары Қазақ қой өсіру технология ғылыми-зерттеу институтының директоры;

1991-96 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының президенті болды.

1999 жылдан Парламент мәжілісінің депутаты лауазымын атқарды.

"Ауыл" партиясының төрағасы болып еңбек етті. Оның басшылығымен Агроөнеркәсіптік кешеннің Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңесі құрылды.

Еске салайық, бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, публицист-жазушы Жұмабай Шаштайұлы 74 жасында өмірден озғанын хабарладық.

Автор
Нұрсұлтан