Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мәуліт кешінде 3 пәтер кілті табысталды

Мәуліт кешінде 3 пәтер кілті табысталды

Астана. 10 желтоқсан. KAZISLAM – Алматы облысы, Ескелді ауданында «Мәңгілік өнеге — әз Мұхаммед Мұстафа» атты мәуліт кеші өтті. Мәуліт кешінде мұқтаж отбасыларға пәтер кілті табысталды.

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы Қарабұлақ кенті жамағаты атынан 1-топтағы мүмкіндігі шектеулі 7 баланың әкесі Жаңаөмір Қайратұлына мүгедек арбасын және 4 бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана Сәлімжанқызы Кәликамалға пәтердің кілтін сыйлады.

Сол күннің кешінде Талдықорған қаласы І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында «Өнер қырандары» 10 жылдық жаңа бағдарламасын Жетісу жұртшылығына ұсынды. Мұқтаждарды баспанамен қамтамасыз етуде көпшіліктің ризашылығын алып жүрген «Харекет» қайырымдылық қоры бағдарлама соңында тағы 2 отбасына қуаныш сыйлады. Осы кештің өтуіне арқау болған өкіл имам Ардақ Нүсіпханұлы 1-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі Сырымға, 3 баланы тәрбилеп отырған жалғызбасты ана Малмакова Құралайға және Көксу станциясының тумасы 1-ші топтағы мүгедек, жалғызбасты 5 баланың анасы Оразалинова Гүлімге халық алдында 2 пәтердің кілтін табыстады.

Автор
Санжар