Жүргізуші куәлігі жемқорлықтың жүйелі жолына айналды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Мәскеудегі қырғын”. Лаңкестік әрекет жасаған төрт адамның отбасын тергеуде

“Мәскеудегі қырғын”. Лаңкестік әрекет жасаған төрт адамның отбасын тергеуде

Мәскеудегі Crocus City Hall ғимаратында теракт жасады деп айыпталған төрт азаматтың туыстарынан жауап алынуда, деп хабарлайды Kznews.kz  порталы Reuters агенттігіне сілтеп.

Тәжікстан қауіпсіздік қызметі айыпталушылардың туыстарын Душанбеге Вахдат пен Гиссар қалаларынан, сондай-ақ Рудаки ауданынан әкелген.

Ресей тергеушілері Тәжікстанға барып, ұсталған азаматтардың туыстарын тергеп жатыр.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон тәжік тарапы жүргізіп жатқан тергеуді жеке бақылауға алған.

24 наурызда Ресей президенті Владимир Путинмен сұхбатында Рахмон Крокустағы лаңкестік әрекетті қатаң айыптап, «терроршылардың ұлты да, отаны да, діні де жоқ» деп баса айтты.

Ол қаза болғандардың отбасы мүшелері мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Автор
Нұрсұлтан