Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мәскеуде Кемел Тоқаевтың өмірі жайлы кітап шықты

Мәскеуде Кемел Тоқаевтың өмірі жайлы кітап шықты

Ол – қазақ тілінде алғаш детектив жанрында қалам тербеген санаулы жазушының бірі.


Журналист әрі жазушы Кемел Тоқаевтың өмірбаяны туралы кітапты әйгілі «ЖЗЛ» сериясымен мәскеулік баспа дайындаған, деп хабарлайды Orda.kz.




Қазіргі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесінің өмірі мен шығармашылығы хақында жазушы Светлана Смағұлова баяндаған.
Кемел Тоқаев соғыс ардагері, жазушы, журналист болған. Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің түлегі. Ол қазақ тілінде алғаш детектив жанрында қалам тербеген санаулы жазушының бірі. Бұған оның журналистикадағы сараптамалық және тексерім жанрына жақын болуы себеп.
Айта кетейік, былтыр қазан айында Қазақ Ұлттық университетінде Кемел Тоқаев атындағы аудитория ашылған еді. Онда журналист-жазушының барлық шығармалары қойылған.
Фото: orda.kz


Автор
Нұрсұлтан