Тоқаев Бішкекте Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуын тамашалады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мәскеуде бензин бағасы қымбаттады

Мәскеуде бензин бағасы қымбаттады
Фото: pixabay.com

Көрші елдегі бензин дағдарысы шиеленісіп келе жатқан сияқты. The Moscow Times басылымының жазуынша, Ресей астанасында баға өскен.

Мәскеудегі тәуелсіз жанармай құю станцияларында бензин бағасы тамыз айының қорытындысы бойынша айтарлықтай көтерілген. Орта есеппен жанармайдың литрі шамамен 10 рубльге қымбаттаған.

Мәскеу отын қауымдастығының мәліметінше, тәуелсіз жанармай бекеттеріндегі АИ-92 бензинінің орташа өлшенген бағасы бір айда 11,7 рубльге өсіп, литріне 96,85 рубльге жеткен. Ал АИ-95 бағасы 8,2 рубльге қымбаттап, 100,82 рубльді құрады.

Бағаның ең жоғары өсімі негізінен Мәскеу облысында орналасқан "ОРТК" желісінің жанармай бекеттерінде тіркелді. Мұнда АИ-92 мен АИ-95 бағасы бір айда бірден 16 рубльге өскен. Нәтижесінде АИ-92 литріне 109 рубльге, ал АИ-95 114 рубльге дейін қымбаттады.

Бұл ретте дизель отынының бағасы айтарлықтай өзгермеген. МТА дерегіне сәйкес, тәуелсіз АЗС-терде дизель отыны орта есеппен небәрі 80 тиынға қымбаттап, литріне 94,76 рубль болған.

Осылайша, тамыз айында Ресей астанасында жанармай бағасының негізгі өсімі бензин сегментінде байқалды. Әсіресе, АИ-92 бағасының бір ай ішінде 11,7 рубльге көтерілуі нарықтағы айтарлықтай өзгерісті көрсетеді.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.