Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мәсімов бостандықта ма: министр «ҰҚК экс-басшысы қайда отыр» деген сұраққа жауап берді

Мәсімов бостандықта ма: министр «ҰҚК экс-басшысы қайда отыр» деген сұраққа жауап берді

Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов «ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімов қайда жазасын өтеп жатыр?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Kznews.kz.



Мәжіліс кулуарында журналистер Кәрім Мәсімовтің қайда екені туралы сұрақ қойды. Журналистердің айтуынша, оның бостандықта жүргені жөнінде ақпарат пайда бола бастаған.



– Біз қазір тұтқынды көрсете алмаймыз. Ол (Мәсімов) сотталған, бас бостандығынан айыру орындарында, - деді министр.

Былтыр сәуірде ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов 18 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Автор
Нұрсұлтан