SpaceX бас директоры Илон Маск Марсқа ұшу билеті шамамен 100 000 доллар (44,5 миллион теңгеден астам) болатынын айтты. Бұл тек ұшып баруға, - деп хабарлайды Kznews.kz сайты Business Insider басылымына сілтеме жасап.
Business Insider мәліметінше, Маск TED конференциясының кураторы Крис Андерсонмен әңгімелесу барысында Қызыл ғаламшарға саяхат құнын атаған. Оның айтуынша, баға ішінара экономикаға, сондай-ақ Марста қала салуға миллионға жуық адамды тарту үшін Марсқа саяхатты қолжетімді ету қажеттілігіне байланысты болады.
SpaceX Марсты "барлық адамға қолжетімді" етуді мақсат етеді, деді Маск. Басқа планетаға көшуге дайын адамдар бір жақты билетті төлеу үшін жердегі барлық мүлкін сатады дегенді меңзеп. Әңгімелесу барысында кәсіпкер мемлекеттік бағдарламалар мен несие алу сияқты басқа да қаржыландыру жолдарына тоқталған. (ақпарат: tengrinews.kz, фото: profile.ru)"Егер Марсқа көшу құны 100 мың доллар болса, онда менің ойымша, бәрі дерлік бұл соманы жинап, қаласа Марсқа бара алады", - деді миллиардер.