Әлеуметтік желіде айтыскер ақын, бұрынғы депутат Аманжол Әлтаевтың жұбайы отбасылық фотосын жариялады. Желі қолданушылары суретке назар аударып, ақынның жары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.
Жарияланым астында оқырмандар түрлі пікір қалдырып, жұпқа ізгі тілектерін жолдады. Кейбірі ақынның отбасылық өміріне қатысты бұрын естіген ақпараттарын еске алса, енді бірі олардың жарасымдылығын атап өтті.
«Әйелі қайтыс болды деп естіген едім», «Бақытты болсын», «Әр адам бақытты болуға лайық», «Екеуі бір-бірімен керемет жарасып тұр», «Бірінші әйелінің өмірден өткеніне көп жыл болды», «Марқұм әйелі Ақмаралға ұқсастығы бар екен», «Бақыт тілейміз», – деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, Аманжол Әлтаевтың алғашқы жұбайы Ақмарал 2007 жылы кішкентай қызымен бірге жол апатына түсіп, қайтыс болған.