Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Марат Омаров АҚШ президенті Джо Байденнің алдында өнер көрсетпек

Марат Омаров АҚШ президенті Джо Байденнің алдында өнер көрсетпек
Әнші әрі композитор Марат Омаров АҚШ-тың президенті Джо Байден ұйымдастыратын қайырымдылық концертіне қатысып, пандемия кезінде ерекше танымалдыққа ие болған "Коронавирус, кет" әнін ағылшын тілінде орындайды, деп жазды turkystan.kz.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Филадельфия қаласында алғаш рет Қазақстанның мемлекеттік туы көтеріледі. Ал Нью-Йорк, Майами, Сан-Франциско, Хьюстон және Нью-Джерси қалаларында мерекелік іс-шаралар өтеді. "Бұл шаралардың барлығы, соның ішінде концерт Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізілмек. Біздің мақсатымыз – елдеріміз бен халықтарымыздың арасында достық пен келісімнің алтын көпірін салу", – дейді әнші Марат Омаров. Отандасымыздың "Коронавирус, кет" атты хиті былтыр ағылшын тіліне аударылған болатын. Танымал әннен кейін Марат Омаров өткен жылдың тамыз айында АҚШ-тағы қайырымдылық концертіне шақырылды. Бірақ пандемияға байланысты бұл шараны өткізу уақыты кейінге шегерілген болатын.
Автор
Нұрсұлтан