“Жұбайымды шәкіртіме әйелдікке бердім” деген тұрғын жауапкершілікке тартылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мақпал Жүнісова екінші рет тұрмыс құрмауының себебін ашып айтты

Мақпал Жүнісова екінші рет тұрмыс құрмауының себебін ашып айтты
Фото: instagram.com/ zhunusova.makpal

Қазақстанның халық әртісі, белгілі әнші Мақпал Жүнісова жеке өміріне қатысты көпшілікті толғандырған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі марқұм жары Заманбек Нұрқаділовтен кейін не себепті қайта тұрмыс құрмағанын түсіндіріп өтті.

Әншінің айтуынша, оған сөз салған азаматтар болған. Алайда анасы екінші рет тұрмысқа шығуына қарсы болып, рұқсатын бермеген.

«10 жылдан кейін анама айттым: «Мама, егер маған бір жақсы адам кездессе, маған күйеуге шық деп айтса, сіз қалай қарайсыз?», - дедім. Көзі шарасынан шығып, түрі бұзылып кетті. «Әй, қарағым, Заманбектен артық біреуді табамын деп тұрсың ба? Мен тірі тұрғанда күйеу туралы айтушы болма» деді. Содан жұмған аузымызды ашқан жоқпыз. Біреу қараса да қараған жоқпыз. Тып-тыныш жүрдік, себебі шешемізден қорқамыз. Алдыңда анаң болса, сен әлі бала сияқтысың дейді. Сол рас екен. Біз соны тыңдаймыз енді», - деді әнші.

Бұл оқиға желі қолданушыларының да назарын аударып, көпшілік Мақпал Жүнісованың тәрбиесі мен анасына деген құрметіне тәнті болды.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер