Алматылықтар жер сілкінісін сезінді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мақпал Жүнісова бала Жамбыл туралы қуанышты жаңалықты айтты

Мақпал Жүнісова бала Жамбыл туралы қуанышты жаңалықты айтты
Мақпал Жүнісова. Фото: instagram/zhunusova.makpal

Көпшілікке "Бала Жамбыл" атымен танылған жас ақын Жамбыл Дүйсенов шығармашылыққа қайта оралуға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Біраз уақыт бойы ел назарынан тыс қалған ақын алдағы уақытта жаңа өлеңдерін ұсынып, телеарналар мен сахнаға қайта шыққысы келетінін айтты.

Жамбыл Дүйсеновтің сөзінше, соңғы уақытта ол АҚШ-та болған. Алайда Америкаға білім алу үшін бармағанын жеткізді. Шетелге қандай мақсатпен барғанын кейін әлеуметтік желідегі парақшасында түсіндіруге уәде берді.

"Халқымды қайтадан қуантқым келеді. Халқымның ықыласына бөленгім келеді. Халқымның жүрегінен орын тапқым келеді. Халықтың ықыласына бөленсем, мен үшін одан асқан бақыт та, марапат та жоқ. Қайтадан жарқ етіп шығамын. Халқыма уәде беремін", – деді жас ақын.

Жамбылдың қайта оралу туралы мәлімдемесіне Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова да үн қатып, оған қолдау білдірді.

"Бала Жамбыл, ақын Жамбыл деп халықты сүйсінткен еді. Енді үлкен жігіт болып, басынан өткен қиыншылықты жеңіп, халыққа жаңа өлеңдерін жария етуіне тілектеспін", – деп жазды әнші.

Жамбыл Дүйсенов бала кезінен өлең шығарып, көпшілікке ерте танылған. Ол төрт жасынан бастап өлең жазып, жеті жасынан жыр кештерін өткізген. Кезінде белгілі ақын Мұхтар Шаханов та жас талантқа батасын берген.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер