KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Танымал әнші жеке өміріне қатысты бар шындықты айтты

• Айжан Сыланова
Фото: әлеуметтік желіден

Әнші Мақпал Исабекова жеке өміріне қатысты тың мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz. Ол бір жыл бұрын күйеуімен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, ажырасуға ерлі-зайыптылардың ортақ тіл табыса алмауы себеп болған. Сондай-ақ бұрынғы жұбайы көпшілік назарында болғысы келмегендіктен, әнші әлеуметтік желіде оның жүзін көрсетпеген.

Мақпал Исабекова екінші жүктілігі ауыр өткенін, сол кезеңде күйзеліс пен жалғыздықты бастан өткергенін айтты.Қазір әнші екі баласының тәрбиесіне және шығармашылығына көңіл бөліп жүр.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →