KZNews.kz
Қоғам

Маңғыстауда жындыханаға түскен сарбаз туралы тың дерек шықты

Ayzhan Sylanova

Ведомствоның дерегінше, әскерге шақырылған сәттен бастап қатардағы Сұлтан Шынтеміров бірнеше рет командирлерге де, бөлімдегі психологқа да әскери қызметін жалғастырғысы келмейтінін айтқан. Қарулы Күштер сарбаздың психиатриялық ауруханаға түскенін растады.

15 қыркүйекте ол Ақтау қаласындағы психоневрологиялық диспансерге «психикалық ауытқу» деген алдын ала диагнозбен жатқызылған. Әскерилер бұл туралы оның ата-анасына хабар берген. Толыққанды тексеруден өткізу үшін Шынтеміровті Астанадағы Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталіне жіберу көзделіп отыр. Құрлық әскерлері баспасөз қызметінің мәліметінше, сарбазға қатысты заңсыз әрекеттердің болуы ықтималдығына байланысты қазір құқық қорғау органдары арнайы тексеру жүргізіп жатыр.

Еске сала кетейік, Маңғыстау облысында 18 жастағы Сұлтан Шынтеміров әскердегі қызмет барысында психиатриялық ауруханаға түсті. Оның туыстары бұл жағдайды әлімжеттікпен байланыстырып отыр.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары