KZNews.kz
Қоғам

Маңғыстауда жаппай төбелес кезінде 17 жастағы жасөспірім қаза тапты

Айжан Сыланова
Фото: multi-admin.ru

Қылмыстық іс ҚК-тің екі бабы бойынша тергелуде: 106-баптың 3-бөлігі («Ауыр дене жарақаты, өлімге әкелу») және 293-бап («Бұзақылық»).

Ұсталғандардың ата-аналары полицияның балаларға қатыгездік танытқаны жөнінде шағымданған. Бұл мәселеге қатысты облыс прокуратурасы түсінік берді. Басқарма бастығы Данияр Төлегеновтің айтуынша, қазір жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, кешенді сот-медициналық сараптама тағайындалған. Жасөспірімнің өлімі төбелес салдарынан ба, әлде көлік қағуынан ба – сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.

Қазір істің мән-жайын анықтау үшін тергеу жалғасып жатыр.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →