Алматыда компьютер клубына кеткен екі мектеп оқушысы пышақтан қаза тапты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда жасөспірімдер арасында төбелес болып, екі бала қаза тапты

Алматыда жасөспірімдер арасында төбелес болып, екі бала қаза тапты
Фото: Depositphotos

Алматыда жасөспірімдер арасындағы жаппай төбелес қайғылы жағдаймен аяқталып, екі бозбала қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға түнгі уақытта компьютерлік клуб маңында басталып, кейін көшеде ірі қақтығысқа ұласқан. Мәліметтерге сүйенсек, жасөспірімдердің бірі досын көмекке шақырып, сөйлесуге шақырған. Алайда сол жерге шамамен он шақты жігіт жиналып, жанжал төбелеске айналған. Соның салдарынан екі жасөспірім жүрек тұсынан пышақ жарақатын алып, көз жұмған.

Қаза тапқандардың бірі – 17 жастағы Ешім Қалдыбай. Ол 9-сыныптан кейін колледжге түсіп, қосымша жұмыс істеп жүрген. Анасы Әйгерім Тәуекелованың айтуынша, Ешім сол күні кешке 13 жастағы інісімен бірге компьютерлік клубқа кеткен күйі үйіне оралмаған.

Анасы ұлының өліміне әлі де сене алмай отырғанын айтып, оқиға туралы өздеріне кеш хабарланғанына наразылық білдірді. Оның сөзінше, баласы ауыр жарақатпен ауруханаға түскен сәтте туыстарына дер кезінде хабар берілгенде, мүмкін аман алып қалуға болар еді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, полиция 12 күдіктіні ұстады. Олардың жасы 17 мен 18 аралығында. Қазір тергеу жүріп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.