KZNews.kz
Шоу-бизнес

Маңғыстау тағы да балалар жаппай уланды

KZNEWS

Маңғыстау облысында 16 бала уланды, деп хабарлады өңірдің денсаулық сақтау басқармасы. 

12 қыркүйекте Бейнеу ауылында Жұмағали Қалдығараев атындағы мектептің оқушылары аудандық жедел жәрдем бөліміне іштің ауыруы туралы шағымдармен жүгінді.

"Қабылдау бөлімінде балаларға ауызша регидратация және инфузиялық терапия жүргізілді", – делінген хабарламада.

Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқарманың мамандары мектептен тамақ пен ауыз су сынамаларын алды. Олар қазірдің өзінде сараптамаға жіберілді.

Бұл оқу жылының басынан бергі екінші жағдай. Мұнайлы ауданының № 8 мектебінде балалардың жаппай улануы 6 қыркүйекте орын алды. Барлығы 460 оқушы зардап шекті.

фото: ашықдереккөз

KZNEWS
Автордың басқа материалдары