Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Маңғыстауда ата-аналар соңғы қоңырауды тойлау үшін балаларына жасырын түрде үй жалдап берген

Маңғыстауда ата-аналар соңғы қоңырауды тойлау үшін балаларына жасырын түрде үй жалдап берген

Мамырдың 25-інен 26-сына қараған түні Маңғыстау облысында өткен рейд барысында түлектер кешін өткізуге қатысты көптеген заң бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.


Ақ желкен ауылында кезекшілікте жүрген ұстаздар түлектер мектеп бітірулерін жеке үйлерде тойлағанын анықтады. Кафе және мейрамханалармен қатар жеке үйлерде де кеш ұйымдастыруға тыйым салынғанына қарамастан, түлектердің ата-аналары соңғы қоңырауды тойлау үшін жасырын түрде пәтер жалдаған болып шықты.

Түлектердің ата-аналары шектеулермен таныс екендері туралы қолхат та жазған болып шықты.

Арнайы штаб мүшелері қайта түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

“Ата-аналар, кәмелетке толмаған балаларыңыздың қауіпсіздігіне жауапты сіздерсіздер. Алдын ала бұл туралы сіздерге ескертілді. Біле тұра осындай нәрсе жасап отырсыздар", – деп түсіндірді №15 орта мектептің директоры Асқар Досов.

Фото: pixabay.com
Автор
Нұрсұлтан