Әл-Фарабидегі 3 адамның өліміне әкелген жол апаты: прокурор Zeekr жүргізушісін 10 жылға соттауды сұрады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Маңғыстауда 12 жасар баланың мәйіті табылды

Маңғыстауда 12 жасар баланың мәйіті табылды
Фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында 12 жастағы баланың мәйіті табылды. Тұрғындардың айтуынша, баланың денесінде қылқындыру белгілері болған, деп хабарлайды kznews.kz.

Жедел жәрдем қызметі 1 маусым күні шақырту бойынша оқиға орнына барып, жасөспірімнің қайтыс болғанын растады.

Полицияның алдын ала мәліметінше, бала Атамекен ауылындағы аулада қолдан жасалған әткеншекте ойнап жүріп, жазатайым оқиға салдарынан ауыр жарақат алған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.