KZNews.kz
Әлеумет

Маңғыстау облысының әкімі 1,9 млн теңге жалақысынан некесіз туған баласына қанша алимент төлейтінін айтты

Жарқын Омаров
Фото: gov.kz

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай некесіз туған баласына алимент төлеуге өзі өтініш бергенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Журналист әкімнен даулы оқиғаны өңір халқы қалай қабылдағанын және алимент мөлшері туралы сұрады.

"Бұл жеке мәселем. Алдымен айтарым, әлеуметтік желілерде айтылып жатқан ақпараттың барлығы шындыққа сәйкес келе бермейді. Мен өз еркіммен сотқа жүгініп, баламды ресми түрде тану туралы өтініш бердім. Сот менің өтінішімді қабылдады. Қазіргі таңда заң талаптарына сәйкес алимент төлеп отырмын. Облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты Ынташ Наурызовадан туған некесіз ұлыма 1,9 млн теңге жалақымның 20-25 пайызы көлемінде алимент төлеймін. Бастапқыда баланы мойындамағаным менің қателігім болды", - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Жарқын Омаров
Автордың басқа материалдары