KZNews.kz
Спорт

Мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров Олимпиада чемпионы атанды

Дархан Тоқан
Фото: Ашық дереккөзі

Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны тарихи жүлдемен толықты. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров чемпион атанып, ел мерейін үстем етті, деп хабарлайды Kznews.kz.

Отандасымыз екі бағдарлама нәтижесінде 291.58 ұпай жинап, жеке рекордын жаңартты. Осылайша Қазақстан 32 жылдан кейін алғаш рет Олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Шешуші сәттерде Шайдоров басты қарсыластары – АҚШ спортшысы Илья Малинин мен Жапония өкілі Юма Кагияманы артта қалдырды. Еркін бағдарламада ол Димаш Құдайбергеннің орындауындағы әнді таңдап, өнерін әлемдік аренада айрықша деңгейде көрсетті.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров бұған дейін әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Сондай-ақ 2025 жылғы Азия ойындарында қола медаль алып, Төрт құрлық чемпионатында алтыннан алқа таққан. Бұған қоса, ол араға 10 жыл салып Денис Теннің тарихи жетістігін қайталаған спортшы ретінде де танылды.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →