НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан — Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Тәуелсіз мемлекеттер достастығы үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Жиын Мәскеудегі "Сколково" инновациялық орталығында өтті.
© Sputnik / Максим Блинов
Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Тәуелсіз мемлекеттер достастығы үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Шағын құрамда тараптар бірқатар маңызды мәселені талқылады.
"Қызметтер саудасы, алмасу жөніндегі келісімшарт жобасы солардың қатарында", - деді Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев.
Кеңейтілген құрамдағы форматта тараптар құжаттарға қол қойды. Бұған дейін стандартизация, монополияға қарсы реттеу және радионавигацияны дамыту мәселесі басты назарда болатыны хабарланған еді.
Тағы оқыңыз: Тоқаев Ресей Қазақстан үшін неге маңызды екенін айтты
Премьер-министрлер қол қойған құжаттарға сәйкес, ТМД-ның жеке Олимпиадасы болады. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің алғашқы ойындары келер жылы Ресейде өтпек.
ТМД Олимпиадасының басты мақсаты - ұлттық спорт түрлерін сақтау және халықаралық деңгейде насихаттау. Сайыс екі жылда бір рет өткізілмек. Ойынды өткізетін ел орыс тіліндегі әліпби тәртібімен анықталады.
© Sputnik / Максим Блинов
Кеңейтілген құрамдағы форматта тараптар бірқатар құжатқа қол қойды
Қатысушылар ұйым аясындағы интеграцияны тереңдетуді ұсынды. ТМД-дағы төрағалық 2020 жылы Өзбекстанға беріледі. 2019 жылы Түрікменстан төрағалық етуде.