Қазақстанда мұғалімдерге гүл алуға және мектеп бітіру кештеріне жиналатын қаражаттың шекті мөлшері енгізіледі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Мал өте қымбаттап кетті": Нұрлан имам Құрбан айтта қазақстандықтарды қарызға батпауға шақырды

"Мал өте қымбаттап кетті": Нұрлан имам Құрбан айтта қазақстандықтарды қарызға батпауға шақырды
Фото: ашық деркккөзден

Белгілі имам Нұрлан Байжігітұлы Құрбан айт мерекесі қандай тәртіппен өтетінін, қандай мал сойылып, құрбандықтың етін не істеу керегін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

“Бірінші, әлбетте айт намазы оқылады. Кейін құрбан шалынады, ол жетім-жесірлерге таратылады. Адамдар ағайын, туған-туыстың үйіне, қарашаңыраққа барады. Бір-бірінің үйіне барады, құттықтайды, қуанады, тойлайды. Бұл тойдың тойы. Сондықтан бұған ерекше нақышпен дайындалу керек”, – деді Нұрлан имам.

Дінтанушы биыл малдың өте қымбаттап кеткенін атап өтті. Сондықтан құрбандықтың отбасы жағдайына қарай шалынса болатынын айтты.

“Көп адам жанын қинап, қарызға батпаса екен. Онсыз да қарыз болып жүрген отбасылар қарыздың үстіне қарыз жамамаса екен. Құрбандық шалудан да басқа жақсы сауапты амалдар көп: бауырмалдық орнату, кешірім, мейірім, қамқорлық, ұлттық киім кию, тазалық, тәртіп, тал егу”, – деді сауапты істерді тізбектеді ол.

Имамның айтуынша, тауық, кептер, үндік, құстардың ешбірін құрбандық етіп шалуға болмайды. Тек төрт түлік мал ғана сойылады: қой ешкі, сиыр, түйе.

“Сойылған малдың етін не істейтіні құрбан шалған адамның өз ықтиярында. Толық таратып жіберсе болады, толық өзіне алса болады немесе қонақ шақыра алады. Бірақ ең жақсысы – үшке бөлген”, – деді имам.

Нұрлан Байжгітіұлы Құрбан айт кезінде қонаққа барғанда да бірқатар дүниені ескеру керегін айтты.

“Мен Құрбан Айт кезінде көршілерге барып, кіріп-шығуға шақырамын. Біз айдаладағы біреулерге қызмет жасағанша көршілерге барған жақсы. Бірақ ескертіп бару керек. Ескертіп барса жақсы болады, бас-аяғы жоқ бес адам кіріп келсе ол адамның дайындығы болмауы мүмкін, ауырып отыруы мүмкін. Сондықтан хабар беріп барғаны дұрыс”, – дейді Нұрлан имам.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.