KZNews.kz
Спорт

Махмұд Сабырхан бокстан екі дүркін әлем чемпионы болды (видео)

Айжан Сыланова
Фото: ҰОК

Финалда ол испаниялық Рафаэль Лосано Серраномен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Бұған дейін жартылай финалда қытайлық Лю Чуанды ұтқан болатын.

Осылайша, Сабырхан Санжар Тәшкенбайдан кейін екі дүркін әлем чемпионы атанып, Серік Сәпиевпен бірге бұл атақты иеленген үш қазақстандықтың қатарына қосылды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →