Жаңалықтар

"Маған жазған": Мөлдір Тұрсынбектің "тоқалы" туралы тың деректі айтты (ВИДЕО)

"Маған жазған": Мөлдір Тұрсынбектің "тоқалы" туралы тың деректі айтты (ВИДЕО)
Ulysmedia коллажы

Танымал продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан бұрынғы жұбайы Тұрсынбек Қабатовқа қатысты желіде тараған видео жайлы шындықты айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде "Мен Тұрсынбек Қабатовтың тоқалымын. Маған қысым көрсетіп жатыр" деген видео тараған болатын. Алайда Мөлдір Мұқан журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында бұл ақпараттың шындыққа мүлде жанаспайтынын мәлімдеді.

"Ақпараттық таратқан қыз ол емес. Сол кездерде маған жазған екен. Мен жауап қайтармадым. "Мен сізді бар болмысыммен жақсы көремін. Әзіл түрінде шығарғна видеом еді. Былай тарап кетеді деп ойламап едім" деп жазыпты. Ол қыздың Тұрсынбекке еш қатысы жоқ. Енді жас қой. Қателесіп кеткен болар. Ол шығарған қыздың әрекетіне ренжімеймін. Қазір әлеуметтік желіде қалай танылып кетсем, қалай жұлдыз боп кетсем деп әрекеттенеді ғой. Одан бетер дүниелер жетеді ғой әлеуметтік желіде. Әлеуметтік желіні ұстай алмайсың қазір", – деді Мөлдір Мұқан.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz