KZNews.kz
Жаңалықтар

"Маған хабарласты, "өзіңді сағындым" деді": Азамат Сатыбалды Асанәлі Әшімов туралы толғанды (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
kznews.kz коллажы

Белгілі актер Азамат Сатыбалды марқұм Асанәлі Әшімов туралы сөз қозғап, желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

"Соңғы сырласу. Телефонның шырылы, қарасам Асанәлі аға звондап жатыр екен. Көтере сала хал-жағдай сұрастық. Біраз әңгіме айтылды. Сөз соңында "аға, не шаруа, не тапсырмаңыз бар маған" дедім. Асанәлі аға сәл кідіріп, "ешқандай шаруа да, тапсырма да жоқ. Жәй өзіңді сағындым" деді. Кеудеме өксік тығылды. "Ең болмаса даусыңды естиін, қайда жүрсең де аман бол" деді. "Асанәлі ағау, мен де сағындым, өткенде ғана көрістік қой" деп әбден ақталдым. "Сыбағаларың дайын, босаған уақыттарыңда Назгүл екеуің үйге келіңдер. Әйтпесе өзім жеп қоямын" деп күлді. Уәделесіп, жылы қоштастық. Әттең, Асанәлі аға, енді мен сізді қатты сағынатын боламын", – деп жазды Азамат Сатыбалды.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары