Белгілі продюсер Мөлдір Мұқанова өзінің жеке өміріне қатысты ашық пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.
Ол сұхбатында екінші әйел алу тақырыбына түбегейлі қарсы екенін айтып, бұл жағдайдың тек жанұяның берекесін кетіретінін жеткізді.
"Ол біліп тұр ғой менің келіспейтінімді. Бірақ маған ештеңе айтпады. Мен тоқал алуға мүлдем келіспеймін. Бұл – көзбояушылық, ауыр тақырып. Мұндай өмірде ер адам да, әйел де, балалар да тыныштық таппайды. Үнемі салыстыру, арпалыс болады. Береке кетеді", – деді продюсер.
Мөлдір Мұқанова отбасынан ажырасу өзіне үлкен соққы болғанын да жасырмады.
"Балаларыма ажырасу өте ауыр тиді. Мен өз балаларымның алдында, бауырларым мен ағайынның алдында ұялдым. Тіпті кейде түрлі жиындарға бармауға сылтау іздедім. Күллі ел талқылап жатқанда, ажырасқан адам болу біртүрлі екен", – деді ол.