“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков ұсталды деген ақпарат тарады

Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков ұсталды деген ақпарат тарады

Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков ұсталды деген ақпарат тарады, деп хабарлайдыStan.kz ақпарат агенттігі.

"Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековты құқық қорғау органдары ұстады. Оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде", — делінген хабарламада.  

Бұл ақпаратқа қатысты мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі жауап берді.

"Вице-министрдің ұсталғаны туралы ақпарат жоқ. Сәкен Мұсайбеков 22 ақпан мен 5 наурыз аралығында еңбек демалысына кеткен. Мемлекеттік қызметкерлер еңбек демалысы үшін алдын ала хат жазып, жоспарлы түрде демалысқа шығады", — дейді министрліктің баспасөз қызметі. 

Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ақпаратқа қатысты пікір білдіре алмайтындарын жеткізді.

Мұсайбеков Ұлттық олимпиадалық комитеттің бас хатшысы болған. Тек 2020 жылдың мамырында министрлікке қызметке келді.

Автор
Нұрсұлтан