Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

ЛГБТ-ны насихаттағаны үшін қалай жазалайды?

ЛГБТ-ны насихаттағаны үшін қалай жазалайды?
Фото: freepik.com

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Сенатта ЛГБТ насихатына қатысты заң талаптарын бұзғандарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, ЛГБТ-ге жатқаны үшін ешкім жауапкершілікке тартылмайды. Жаза тек «Құқыққа қайшы контенттің таралуының алдын алу туралы» заң аясында қарастырылған.

"Интернеттегі ЛГБТ насихаты құқыққа қайшы контентке жатқызылған, сондықтан жауапкершілік «айна принципі» бойынша қолданылады. Егер бұл бірінші құқық бұзушылық болса, айыппұл 20 АЕК (2025 жылы 78 640 теңге) мөлшерінде белгіленеді. Ал бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл көлемі ұлғайтылуы немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамақ қолданылуы мүмкін", - деді вице-министр.

Кочетов бұл норманың мәлімдемелік сипатта болатынын атап өтті. Яғни, құқық бұзушылықтар автоматты түрде анықталмайды. Тек азаматтардан өтініш түскен жағдайда ғана, мысалы eOtinish порталы арқылы, контентке сараптама жүргізіледі.

Еске салсақ, бүгін Сенат депутаттары ЛГБТ насихатына тыйым салатын заң жобасын мақұлдады.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі