“Жұбайымды шәкіртіме әйелдікке бердім” деген тұрғын жауапкершілікке тартылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Лауазымынан айыру керек": Тоқаев қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметкерлер жайлы

"Лауазымынан айыру керек": Тоқаев қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметкерлер жайлы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің азаматтығын иеленген шенеуніктер жайлы сөз етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстанда да бірқатар мемлекеттердегідей қос азаматтыққа тыйым салынған. Бұл ереже біздің Конституциямызда бар. Алайда соңғы кездері тіпті, мемлекеттік қызметкерлердің де екі елдің азаматы екенін анықтап жатырмыз. Қос елдің азаматтығын алу белгілі себептерге байлынысты рұқсат етілмейді. Айтып отырған мәселе тікелей ұлттық қауіпсіздікке қатысты болғандықтан өте өзекті. Мұндай жағдайлардың жолын бірден кесу қажет", - деді президент.

Мемлекет басшысы  қос азаматтығы бар лауазымды тұлғаларды бірден жұмыстан қуу керек деген пікірде.

"Былтырғы жолдауымда мен екі азаматтығы бары анықталса, мемлекеттік қызметкерлерді, квазимемлекеттік ұйымдардың жетекшілерін лауазымдарынан айыру керектігін айтқан болатынмын", - деді Тоқаев. 

Еске салайық, бұған дейін қос азаматтығы бар шымкенттік шенеунікке қатысты сот үкімі шыққаны айтылған еді.

Автор
Нұрсұлтан