"Кешью" тобының мерейтойына орай жалғасқан сұхбатта продюсер Баян Алагөзова ұжымның бұрынғы солисті Балжан Бидашқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.
Продюсер танымал топтың бұрынғы әншілері туралы айта келе, Балжан Бидаштың бұған дейінгі сұхбаттағы өзіне қатысты айтылған сынға ренжігенін атап өтті.
Баян Алагөзованың сөзінше, Балжан оның "әдемі емес" деген пікірін көңіліне алған. Продюсер мұндай реакцияны түсінбейтінін айтып, адамның өзіне деген сенімі сыртқы пікірден жоғары болуы керек деген ой білдірді.
"Мені де ұсқынсыз дейтіндер бар. Бірақ мен өзгенің пікіріне емес, өзіме сенемін", – деді ол.
Сондай-ақ Баян Алагөзова Балжан Бидаштың бір жобаға қатысуға уәде беріп, кейін орта жолда бас тартқанына ренішін жеткізді. Оның айтуынша, мұндай әрекет продюсер ретінде өзіне ауыр тиген.
"Қатысамын деп сөз беріп, кейін уәдесін орындамады. Бізді орта жолда қалдырды. Соңғы рет кездейсоқ кездескенде өзі амандасты. Мен де сәлемдестім де, әрі қарай сөйлеспедім. Себебі мұндай әрекет жасаған адамға құрметім болмайды", – деген мазмұнда пікір білдірді Алагөзова.