KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

“Лайықсыз деп бір мықты сызып тастапты”: Меруерт Түсіпбаева өзіне неге орден берілмегенін ашып айтты

• Айжан Сыланова
Фото: instagram.com/meruert_tusupbaeva

Әнші Меруерт Түсіпбаева 55 жас мерейтойына орай мемлекеттік орденге ұсынылғанымен, марапатқа ілікпей қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Әншінің айтуынша, оны марапатқа үміткерлер тізімінен жауапты тұлғалардың бірі алып тастаған. Түсіпбаева бұған дейін 2014 жылы «Еңбек сіңірген қайраткер» атағын алғанын еске салды.

«Жақында 55 жас мерейтойыма орай орденге ұсынылып едім. “Лайықсыз” деп мені бір мықты сызып тастапты. Ештеңе етпейді, иә? Сіз қалай ойлайсыз? Бүгін мен осы видеомен мені сызып тастаған адамға жауап бердім!» – деп жазды әнші.

Сондай-ақ ол соңғы уақытта беріліп жатқан атақ-марапаттарға қатысты пікір білдіріп, «Қазаншының еркі бар» деген жауаппен шектелген.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →