KZNews.kz
Жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы тұңғыш ұлы туралы тебіреніп, әсерлі жазба жариялады (ФОТО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол тұңғыш рет ана атанғанына биыл 19 жыл толғанын атап өтті. Айтуынша, сол күнгі кішкентай сәбиі – бүгінде 19 жасқа толған Сағадат батыр.

"Бүгін ең қымбат статусқа ие болғаныма 19 жыл толып отыр. Тұңғыш рет ана атанған күнім. Ал сол күнгі кішкентай сәбиім – Сағадат батыр бүгінде 19 жаста. Әкесінен аумай қалған: түрі де, мінезі де, сөйлеген сөзі де… бәрі-бәрі. Саға балам, денің сау болсын! Інің екеуміз сені әрқашан қолдаймыз. Ғұмырлы бол, балам", – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Жазбаға пікір қалдырған желі қолданушылары Сағадатқа ақжарма тілектерін арнап, денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт пен биік мақсаттардың орындалуын тіледі.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →