Әлеуметтік сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың 95,2 пайызы өмірге риза
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«KZN Media» ЖШС үгіт материалдарын орналастыру үшін ақпараттық хабарлама жариялады

«KZN Media» ЖШС үгіт материалдарын орналастыру үшін ақпараттық хабарлама жариялады
Фотоиллюстрация: Kznews

«KZN Media» ЖШС-нің kznews.kz сайтында 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет-алаңды ұсынудың жалпы шарттары, тәртібі және ақы мөлшері туралы ақпараттық хабарлама жариялайды.

«KZN Media» ЖШС-нің меншік иелігіндегі https://www.kznews.kz интернет-басылымы (бұдан әрі – Сайт) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет-алаңдарды беру шарттары, тәртібі және ақы мөлшері туралы хабарлайды.

Сайлау алдындағы үгіт 2026 жылғы 23 шілдеде сағат 18:00-де басталып, 2026 жылғы 22 тамызда сағат 00:00-де аяқталады. Осыған байланысты сайлау алдындағы үгіт материалдары Сайтта заңнамада белгіленген мерзімдерде ғана орналастырылады.

Сайт интернет-алаңды саяси партияның жазбаша өтініші және Сайттың меншік иесі мен саяси партияның уәкілетті өкілі арасында жасалған шарт негізінде ұсынады. Үгіт материалдарының көлемі, орналастыру мерзімі, саны және өзге де талаптар саяси партияның жазбаша өтінішінде көрсетіліп, кейіннен шартта бекітіледі.

Өтініштер олардың келіп түсу кезектілігі бойынша тіркеледі. Әрбір өтінішке тіркеу нөмірі беріліп, өтініштердің тіркеу журналында тіркелген күні көрсетіледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

  1. Саяси партияны тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
  2. Саяси партияның атынан әрекет етуге уәкілеттік берілген тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат;
  3. Өтініш берген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  4. Шарт жасасуға қажетті өзге де құжаттар.

Саяси партиялардың үгіт материалдарын Сайтта орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен айқындалады. Бір мезгілде бірнеше өтініш келіп түскен жағдайда кезектілік жеребе арқылы анықталады. Жеребе өткізу тәртібін Сайт белгілейді.

Үгіт материалдары жарияланатын күнге дейін кемінде 1 (бір) жұмыс күні бұрын ұсынылуы тиіс.

Ұсынылатын үгіт материалдарында Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген міндетті мәліметтер, оның ішінде материалды ұсынушы туралы және қаржыландыру көзі туралы ақпарат көрсетілуі тиіс.

Саяси партиялар ұсынылған үгіт материалдарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, оның ішінде авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамаға сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп, сондай-ақ жасалған шарт талаптары сақталмаған жағдайда Сайт үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға немесе анықталған заң бұзушылықтар жойылғанға дейін олардың жариялануын тоқтатуға құқылы.

Егер үгіт материалдарында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, мемлекеттің тұтастығын бұзуға, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге, әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни немесе өзге де араздықты қоздыруға бағытталған үндеулер, зорлық-зомбылық пен қатыгездікті насихаттайтын материалдар немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін өзге де мәліметтер қамтылса, сондай-ақ азаматтардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болса, Сайт мұндай материалдарды орналастырудан бас тартуға құқылы.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген интернет-алаңдарды беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына және уәкілетті мемлекеттік органдардың талаптарына сәйкес өзгертілуі мүмкін.

Үгіт материалдарын Сайтта орналастыру құны

Баннер

Баннер (desktop + mobile): 1000×120, 300×250
Орналастыру орны: басты бет және ішкі парақшалар.
Баннер (mobile): 300×250
Орналастыру орны: басты бет және ішкі парақшалар.
Орналастыру мерзімі: 2026 жылғы 23 шілде сағат 18:00-ден 2026 жылғы 22 тамыз сағат 00:00-ге дейін.

Құны: 4 000 000 теңге.


Мақала

Орналастыру орны: басты бет, жаңалықтар таспасы.
Көлемі: 5 000 символға дейін (5 фотосуреттен артық емес, 1 бейнематериал).

1 мақаланы орналастыру құны

Құны: 250 000 теңге.
Көлемі белгіленген мөлшерден асқан жағдайда бір символдың құны: 70 теңге.

Барлық материалдарда «Материалды орналастыру ақысы төленген» деген белгі қойылады.

Шарт бойынша үгіт материалдарын орналастыру ақысы Сайт ұсынған төлем шоты негізінде шот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төленуге тиіс.

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысатын саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру туралы жазбаша өтініштер жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3 қабылданады.

 

«KZN Media» ЖШС директоры
А.
Б. Елтай

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.