KZNews.kz
Білім

Күзгі жапырақ

KZNEWS

Күні:
Пәні:Мүсіндеу
Тақырыбы:Күзгі  жапырақ 
Мақсаты:      1.Балаларға ермексазды пайдаланып,жапырақты мүсіндеп үйрету.
2.Ой-өрісін,ойлау қабілетін,қол икемдерін дамыту.
3.Балаларды шығармашылыққа,жануарларды қорғауға,мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:   Күздің,жапырақтың суреті.
Керекті құрал:ермексаз,таяқшалар,тақтайшалар
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық
 Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
                        Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
                 -Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
                 -Күзе дала қандай түске боянады?
-Ендеше біз ермексаздан күзгі жапырақты мүсіндеуді үйренеміз! 
V Жаңа сабақ     
Өлең:         Жапырақтар
            Қыстың жақын қалғанын
           Жапырақтар білгендей
           Желмен ұшып барады
           Жерге қонып үлгермей
           Жапырақтар жамырап
            Сайға барып бекінді
            Анасынан ажырап
            Қалған бала секілді.  
-Ермексазбен күзгі жапырақтарды мүсіндеу жолын түсіндіру.    
Сергіту сәті:     Отырып ақ орнында,
                           Айдын көлді кешемін.
                           Сен білмесең егерде,
                            Былай ескек есейін
VI Пысықтау
 -Күз мезгілінде жапырақтар қандай түске өзгереді?
-Шіріген жапырақтың бізге қандай пайдасы бар?

VII Бекіту
           Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен жапырақтың мүсінін жасайды.
  VIII Бағалау
            Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау,бағалау.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

KZNEWS
Автордың басқа материалдары