KZNews.kz
Білім

Күздің белгілері балабақшадағы ашық сабақтар

Жандос

Күні:
Пәні:Көркем әдебиет
Тақырыбы: Күздің белгілері
Мақсаты:      1.Күз мезгілі туралы алған түсініктерін кеңейту.Балаларды күздің сыйымен таныстыру.
2.Сана-сезімін,ақыл-ойын ,есте сақтау қабілетін дамыту.
3.Табиғатты қорғауға,өсімдіктер мен құстарға қамқорлық жасауға  тәрбиелеу
Көрнекілігі:күз мезгілі бейнеленген  суреттер.
Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
 Меңгерілетін сөздер: алтын күз,күздің сыйы,береке,байлық
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Ендеше бүгін күз мезгілінің белгілерін анықтаймыз.
 V Жаңа сабақ
Алтын күз  туралы әңгіме жүргізу.Күзді неліктен алтынға теңейтіндігі айтылады.
-Күз мезгілі бізге қандай сый береді?
-Қырманда қандай еңбек жүргізіледі?
 Сурет бойынша әңгіме.
Сергіту сәті: Жаңбыр,жаңбыр,жауасың,
                       Жанымызға дауасың.
                       Біз ойнайтын ауланың
                        Тазартасың ауасын.
Жұмбақ шешу: Қақпаны тарс-тарс жабады
                            Терезені қағады.
                             Уілдейді ысқырып,
                              Қорқытады баланы.        (Жел)

Аспаннан домалап
 Көп моншақ төгілді.
Бусанды бар алап,
 Терілді,келді.                       (Жаңбыр)
VI Бекіту
 Ойын: «Күздің сыйы» Көкөністер мен жемістердің суреттері ілінеді.
Мысалы: алманың суретін алған бала «алма» сөзін қатыстырып,сөйлем құрастырады.Оның пайдасын айтады.
VII Қорыту
 -Күз мезгілін неге халқымыз ырыс-береке деп атаған?
-Күз мезгіліндегі дәрумендерді ата.
-Күз мезгілі саған несімен ұнайды?
        
VIII Бағалау
           Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Жандос
Журналист
Автордың басқа материалдары →