Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Бес рет ауырдым... Жаңа босанған анаға қарау оңай емес": Роза Әлқожа ел естімеген жайтты айтты

"Бес рет ауырдым... Жаңа босанған анаға қарау оңай емес": Роза Әлқожа ел естімеген жайтты айтты
ашық дереккөзден

Танымал әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желіде өткен жылды қорытындылап, оқырмандарына жүрекжарды жазба арнады, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі 2025 жылды шүкіршілікпен аяқтағанын айтып, шығармашылығында жағымды жаңалықтар болғанын жеткізді. Сонымен қатар денсаулығына байланысты қиын кезеңдерді де жасырмады.

"Армысыздар! Жұмадағы тілектеріңіз қабыл болсын! Өткен жылды алғыс сезімімен түйіндедік. Биыл да концерттерге шақыртулар келіп жатыр. Алла денсаулық пен мүмкіндік берсе, бәрі де жүзеге асады. Былтыр бес рет ауырдым. Өкпенің қадірін дәл сол кезде түсінгендеймін. Метапневмония, бронхит, ларингитпен күресіп жүрдім. Сол уақытта вокалдың да пайдасы тиген шығар деп ойлаймын", – деп жазды әнші.

Роза Әлқожа сырқат күйінде жүріп те отбасындағы жауапкершілікті қатар алып жүргенін атап өтті.

"Ауырсаң да үйдің шаруасын жасап, бөпе шомылдырып, жаңа босанған анаға қарау оңай емес. Соның бәрінде алда тойлар мен кештер күтіп тұрғанын ойлау маған үлкен мотивация болды", – дейді ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер