Құрылтай депутаттары Татьяна Савельеваның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулыны қолдап дауыс берді, деп хабарлайды kznews.kz.
Отырыста Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавкат Өтемісов тиісті ұсыныстың Конституцияның 55-бабы 4-тармағы мен 56-бабы 12-тармақшасына сәйкес енгізілгенін айтты.
«Орталық сайлау комиссиясының қаулысы негізінде Татьяна Савельеваның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ОСК ұсыныс енгізеді», – деді Шавкат Өтемісов.
Құрылтай мүшелері ұсынысты қолдап, тиісті қаулы қабылдады.
Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай Татьяна Савельеваға атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.