KZNEWS.KZ
Саясат

Құрылтай депутаты Қазақстанға тарихи жеңіс әкелді

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында қазақстандық спортшы әрі депутат Айсұлу Сүлейменова жеңіл атлетикадан құрлық рекордын орнатты, деп хабарлайды kznews.kz.

Алайда аталған санатта басқа қатысушылар болмағандықтан, ол T64 санатындағы спортшылармен бірге жарысқа қатысып, жалпы есепте бесінші орынға ие болды.

Айсұлу Сүлейменова 2011 жылы ауыр жол-көлік оқиғасына ұшырап, екі аяғынан айырылған. Соған қарамастан, ол спортпен белсенді айналысып, халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.

Спортшының бұл жетістігі оның табандылығы мен қайсарлығының айқын көрінісі болды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →