Қуанышбек Үштаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы ауысты, деп хабарлайды kznews.kz
«Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Бұған дейін осы лауазымда болған Мереке Мәтімұлы Көшекбаев Президенттің өкімімен лауазымынан босатылды.