Жаңалықтар

"Күйеуімен шетел асып кеткен Ақбаян анасымен араласпаған": Атырауда жоғалған жанұя туралы сұмдық дерек шықты (ВИДЕО)

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
"Күйеуімен шетел асып кеткен Ақбаян анасымен араласпаған": Атырауда жоғалған жанұя туралы сұмдық дерек шықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Атырау облысында із-түзсіз жоғалып кеткен отбасыға қатысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында жоғалған отбасы ісіне байланысты әлеуметтік желіде өзін хакер ретінде таныстырған азамат тың мәліметтерді жариялады. Оның сөзінше, отбасы мүшелерінің бірі – Наурыз Мұқанғалиевтің атына тіркелген SIM-карталар жоғалып кеткеннен кейін де белгілі бір уақыт аралығында белсенді қолданылған.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, аталған нөмірлердің геолокациясы Өзбекстан аумағында тіркелген. Сонымен қатар, сол SIM-карталар арқылы WhatsApp мессенджеріне тәулігіне бірнеше мәрте кіргені анықталған. Алайда ресми дереккөздерде отбасы мүшелерінің Қазақстан шекарасын заңды түрде кесіп өткені жөнінде мәлімет жоқ.

Хакер Түркістан облысы аумағында Өзбекстанға заңсыз өтетін бейресми жолдардың барын айтып, SIM-карталар сол бағыттар арқылы бөгде адамдардың қолына өтуі мүмкін деген болжам ұсынды.

Туыстарының айтуынша, қараша және желтоқсан айларында отбасы мүшелеріне тиесілі зейнетақы қаражаты шешіп алынған. Сондай-ақ WhatsApp арқылы үйдегі малдың сатылғаны белгілі болды. Хат-хабар алмасулардың барлығы Наурыз Мұқанғалиевтің атынан жүргізілгені бұған дейін де хабарланған.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz