Танымал продюсер әрі актриса Дариға Бадықова желідегі парақшасында ерекше видео жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Актриса жариялаған видеодан әріптесі Олжас Абайдың гүл сыйлаған сәтін көруге болады. Олжас Абай актрисаны арнайы шақырып, оған жүрек пішіндес раушан гүлдерін сыйға тартқан. Сондай-ақ осы сәтте Дариға Бадықова Олжас Абайды құшақтап алған.